• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Бокс 24 Наурыз, 2023

Кәсіпқой бокс: Сұлтан Зәуірбектің келесі қарсыласы анықталды

413 рет
көрсетілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбектің (13-0, 9КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы kazproboxing парақшасы хабар таратты.

Сұлтан Зәуірбектің жекпе-жегі 24 наурызда Ұлыбританияның Болтон қаласында өтеді. Ол бұл жекпе-жекті аргентиналық Фасундо Арсемен (15-9-2, 7КО) өткізеді.

Хабарланғандай, боксшылар кездесу алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтіп үлгерді. Қазақстандық боксшының салмағы жартылай орта ауырлық санатындағы лимиттен асқан жоқ.

Зәуірбек пен Арсе Болтондағы бокс кешінің андеркардында шығады. Ал басты жекпе-жекте британдық Лайндон Артур (21-1, 15КО) мен аргентиналық Брайан Суарес (18-1, 17КО) IBO-ның жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулын сарапқа салады.