QS World University Rankings by Subject 2023 (QS WUR by Subject) әлемдік рейтингінің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – қазақстандық және Орталық Азияның жоғары оқу орындары арасында дайындық бағыттарының 14 бағыты және бес пәндік саланың төртеуі бойынша жоғары нәтиже көрсетті.
Биыл университет «География» бағыты бойынша алғаш рет 151-200 позициясын иеленіп, әлемдегі ең үздік 200 университеттің қатарына енді. Сондай-ақ «Философия» бағыты бойынша көрсеткіштерін жақсартып, топ 101-150-ге енді. Сонымен қатар биыл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 542 білім беру бағдарламасының 25 пайызы QS by Subject рейтингіне енді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық.
Бес дайындық бағыты бойынша ҚазҰУ өзінің өткенжылғы жоғары позицияларын сақтап қалды: «Археология», «Ағылшын тілі мен әдебиеті» – 151-200, «Математика» – 251-300, «Физика және астрономия» – 451-500, «Химия» – 501-550.
QS by Subject рейтингінде ҚазҰУ-дың жетекші позицияларын нығайтуына университеттің озық ғылыми қауымдастықтармен, отандық және әлемнің әлеуетті жұмыс берушілерімен жемісті ынтымақтастық байланыста болуы ықпалын тигізді. QS by Subject рейтингі ЖОО-ны бес индикатор негізінде: университеттердің академиялық беделі, түлектер туралы жұмыс берушілердің пікірлері, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми мақалаларына сілтемелер жасалу деңгейі, олардың Хирш индексі және университеттің әлемге әйгілі ұйымдармен халықаралық зерттеу байланыстары бойынша бағалайды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының жарияланымдық белсенділігінің жоғары деңгейі және университеттің 500-ден астам жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықта болуы зерттеу университеті мәртебесін және стратегиялық мақсатына қол жеткізуге дәйектілігін растайды.