Синоптиктер 2023 жылғы 25-27 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«Жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын күтілмейді, тек жекелеген аудандарда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жаңбыр, желдің күшеюі, 27 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр күтіледі, таулы аймақтарда тұман болады», делінген мамандардың болжауында.
Бұл ретте, температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар күтілмейді. Республиканың батысында термометр бағандары: күндізгі уақытта 12-26 жылы, солтүстік-батыста 5-20 жылы, солтүстікте, шығыста және орталықта 2-15 жылы, оңтүстіктежәне оңтүстік-шығыста 13-25 жылы, таулы аймақтарда 8-13 жылыға жетеді.