• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Наурыз, 2023

Сұлтан Зәуірбек Англиядағы жекпе-жегін нокаутпен жеңді

540 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (14-0, 9КО) Англияның Болтон қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Кazproboxing парақшасына сілтеме жасап.

С. Зәуірбек аргентиналық Факундо Арсемен (15-9-2, 7КО) жекпе-жек өткізді. Дода екінші жартылай жеңіл салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланды. Қазақстан боксшысы бесінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой бокс мансабында 14-інші жеңісіне қол жеткізді.

Сұлтан Зәуірбек WBO European нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы чемпион. Белдікті 2021 жылдың шілдесінде жеңіп алған болатын. Сондай-ақ ол WBC-тің жастар арасындағы әлем чемпионы титулын да жеңіп алған.