Елімізде бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика министрлігінің жобасында былай делінген:
Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық жанармай құю станцияларына мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығын ескере отырып, мынадай мөлшерде белгіленсін:
АИ-80 бензині – тоннасына 93 161 теңге;АИ-92 және АИ-93 бензині – тоннасына 193 649 теңге;дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 236 156 теңге.
Жоба 24 наурызда жарияланды, 30 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.