Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде өткен әлем чемпионатын аяқтады. Қоржында алты медаль бар. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) пен Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) екінші орынға ие болды.
Сонымен қатар команда қоржынында төрт қола медаль бар. Оларды Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін), Надежда Рябец (66 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін) және Фариза Шолтай (81 келіге дейін) жеңіп алды.Бұған дейін Ләззат Күнгейбаева бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында марокколық қарсыласынан жеңіліп қалған еді.