• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Балалар 27 Наурыз, 2023

Еріктілердің ерекше балаларға көмегі

287 рет
көрсетілді

Есту қабілеті нашар ба­ла­ларға ағылшын тілін үйрету үлкен пара­сат­тың белгісі. Сол арқы­лы ай­тар­лықтай жетістік­терге жетуге де болады. Бұ­ған Талдықорған қа­ласындағы Назарбаев зият­керлік мектебінің жас ерік­тілерінің тә­жіри­бесі дәлел.

Бес жылдан бері аталған білім ордасы есту қабілеті нашар балаларға арналған об­лыс­тық мектеп-интернатымен ынтымақтастықта. NIS оқу­шы­­лары апта сайын келіп, олар­­­­ға ағылшын тілін үйретеді.

– 2019 жылы мектеп-интернат пен NIS арасында ынтымақ­тастық туралы мемо­рандумға қол қойылды. Осы меморандум аясында «Жүректен жүрекке» қоғамға қызмет көрсе­тудің әлеу­меттік жобасы жұмыс істей­ді. Аптасына бір рет біздің ерікті­лер әр түрлі жастағы төрт топқа сабақ береді, – дейді педагог-куратор Әйгерім Еркінбаева.

«Жақсылық жасауға ұмтыл» – NIS-тегі әр оқушының ұраны. Осы күнге дейін оннан астам қоғамға қызмет ету жобалары өз нәтижесін көрсетіп келеді. Бұл жобалардың өзектілігі мен құндылығы баршаға түсінікті.

– «Мен үшін әлеуметтік жобалардың маңызы зор. Өйткені волонтерлік бағыт оқу­­шылардың бойында адам­гер­шілік дүниетанымын қалып­тастыруға септігін тигізіп, мұқтаж жандарға көмек көрсе­туге немесе қоғамның назарын өткір әлеуметтік мәселелерге аударуға септігін тигізері сөзсіз, – дейді 11-сынып оқушысы Томирис Қасымова.

Құндылықтың жарқын мысалы ретінде қоғамға қызмет етудің алғашқы тәжірибесін мектеп жылдарында алған түлектер қазір де университет қабырғасында ерікті қызметін жалғастыруда.

 

Жетісу облысы