• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Наурыз, 2023

Qnet қаржы пирамидасының тағы бір өкілі қамауға алынды

321 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларын жою бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мәселен, ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп оңтүстік мегаполис аумағында «Qnet» қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Ол азаматтардан ақша жинап, біреуінің жарналарының есебінен басқа қатысушыларды байыту мақсатында қайта бөлді.

Айта кету керек, «Qnet» қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция түрінде жасырылған. Бірқатар шет елде «Qnet» компаниясы қаржы пирамидасы болып танылды. Сондай-ақ оны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізді.

Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 айға «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елордада осындай қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдікті ұсталған болатын.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

«Егер сіз және сіздің жақындарыңыз «Qnet» компаниясының қызметіне тап болса, ҚМА call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз», делінген хабарламада.