• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
01 Шілде, 2014

Сала қызметіне қатысты нақты тапсырмалар

255 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Е.Ыдырысов Мемлекет бас­шысына сыртқы саясат ведомст­восының 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысының негізгі қорытындылары туралы баяндап, жоғары деңгейде қол жет­кізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жұмыстары туралы айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақ­стан дипломаттарын келе жатқан кәсіби мерекелері – Дипло­матиялық қызмет күнімен құт­тықтап, олардың мемлекет мүд­десін ілгерілетуде, азаматтарымыз­ды қорғауда және шетелдермен байланыстар орнатуда маңызды жұмыс атқаратынын атап өтті. Қазақ­стан Президенті сыртқы саяси қызмет бағдарламасын тиім­ді жүзеге асыруды екінші жар­ты­жылдықта жалғастыру керектігіне де тоқталды. Сыртқы істер министрі Қа­зақстан Президентіне Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуін қамтамасыз ету жұмыстары туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, Е.Ыдырысов БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесінің орнына ұсынылатын Қа­зақстанның кандидатурасын ілге­рілету жұмыстары, сон­дай-ақ, өзге де сыртқы саяси басым­дық­­тар­ды жүзеге асыру туралы баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы министрлік жұмысының негізгі бағыттарына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.