• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Мәдениет 29 Наурыз, 2023

«Менің пірім – Сүйінбай» жас ақындар айтысы өтеді

442 рет
көрсетілді

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен «Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі VII халықаралық жас ақындар айтысы өтеді. Жыр додасы биыл Ұлы Абайдың атындағы аталған университеттің 95 жылдығына арналады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айтыста Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Қытай ақындарымен қатар еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарының елуге жуық жас жүйріктері бақ сынайды. Жастар аламанына ASSYLTAS қоғамдық қорының құрылтайшысы Дулат Тастекеев қаржылай қолдау көрсетеді.

Айтысқа ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман, ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі айтыскер ақын Серік Қалиев, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры, айтыскер Ринат Зайытов, Айтыскер ақын Ахметжан Өзбеков, Филология ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы қазылық етеді.

Сөз бәйгесін айтыскер ақын, О.Досбосынов атындағы ақындар мектебінің жетекшісі Шұғайып Сезімханұлы жүргізеді.

«Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі VII халықаралық жас ақындар айтысының мақсаты – айтыс өнерін жастар арасында кеңінен насихаттау, ақындық дәстүрді жаңғырту, жас ақындардың суырыпсалмалық қабілеттері мен шешендік өнерін шыңдау, олардың көпшілікке танылуына мүмкүндік жасау.

Айтыстың іріктеу кезеңі 2023 жылғы 6-сәуір күні, сағат 10:00-де «Абай атындағы ҚазҰПУ» Бас оқу ғимаратының №225 акт залында өтеді (Достық 13).

Қорытынды кезеңі 2023 жылғы 7 сәуір күні, сағат 14:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтеді.