• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Наурыз, 2023

Орта салмақтағылардың бәрі менен қорқады - Жәнібек Әлімханұлы

427 рет
көрсетілді

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жектегі қарсыласына қарата мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.   Ол бұған дейін канадалық Стивен Батлерге қарсы екінші титулды қорғайтынын ресми түрде жариялаған болатын. 12 раундтан тұратын жекпе-жек 13 мамырда Стоктон аренада (Калифорния, АҚШ) өтеді.

«Орта салмақтағылардың бәрі менен қорқады. Сондықтан мен Стивен Батлерге жекпе-жекке келіскені үшін тиісті жауап қайтарамын. Мен дивизиондағы барлық атақтарды біріктіргім келеді, бірақ Батлерді елемеуге болмайды. Ол өте мықты қарсылас. Осы жекпе-жекте Стоктондағы жанкүйерлер мен оны ESPN арқылы тамашалайтын көрерменге керемет шоу көрсетемін деп үміттенемін», деді Жәнібек Әлімханұлы.