• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Ғылым 30 Наурыз, 2023

Қазақстанда 3D принтерлер өндірісі іске қосылады

368 рет
көрсетілді

Биыл алғаш рет Еуразия ұлттық университетінде әртүрлі форматтағы 3D принтерлер құрастыратын шағын өндіріс ашылады. Аддитивті технологияны құрылыс және басқа индустрияларда қолдануға болады. Жоспарланған жылдық өндірістік қуаттылық - 300 принтерге дейін.

Университеттік ғылым өндіріспен сабақтастықты белсенді дамытып жатыр. ЕҰУ ғалымдары өндірушілермен бірлесе 3D принтерлер шығарудың инновациялық технологияларын қолдануға ниетті. Өндіріс «ENU-Lab» ғылыми-өндірістік орталығының базасында құрылады.

«3D принтерлерді шығару бастапқыда құрылыс және басқа салаларда жоспарланған. Болашақта «ENU-Lab» ғылыми-өндірістік орталығының базасында 3D принтерді геополимер негізіндегі жаңа құрылыс материалдарын шығару үшін пайдаланып, одан әрі коммерцияландыру жоспарда бар. Осы сегменттегі жаңа технологиялар қолданылатын ескерсек, өндіріс Қазақстанда бірінші рет іске қосылады», деп түсіндірді ЕҰУ инновацияларды дамыту департаментінің директоры Әсел Джексембаева.

Шығарылатын тауардың негізгі тапсырыс берушілері еліміздің және шет мемлекеттердің технопарктері, білім беру, ғылыми мекемелері, индустриялық кәсіпорындары болмақ. Өнімді экспорттау мүмкіндігі бар.

«Қазір біз еліміздің аумағында жеткізу және техникалық қолдау технологияларын әзірлейміз. Ал кейін сыртқы нарыққа шығуды жоспарлап отырмыз. 3D принтерлерімізді сатып алуға дайын Өзбекстан, Қырғызстанмен байланыс орнаттық», деді «SpaceLab» ЖШС директоры Арман Бекембаев.

Жобаға ЕҰУ студенттері де қатысып, практикалық тәжірибелерін шыңдау және ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, 2022 жылдың қыркүйегінде ЕҰУ зерттеу университеті мәртебесін алды. Университет білім, ғылым және өндірістің өзара сабақтастығын белсенді дамытып келеді.