• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Білім 30 Наурыз, 2023

Сәуірде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады

479 рет
көрсетілді

1 сәуірден бастап ел мектептерінде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдана бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бірінші сыныпқа баруға өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz веб-порталында және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.

Орта білім беру комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров бірінші сыныпқа ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде алты жастан бастап қабылданатынын, өтініштің өзі ерікті түрде ұсынылатынын атап өтті. Оған баланың денсаулығы туралы анықтама - №065/у, баланың денсаулық паспорты 026/у-3 және баланың 3*4 форматындағы фотосы (2 дана) керек.

«Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сонымен қатар 1-2 сәуір демалыс күндеріне сәйкес келетінін ескерсек, түскен өтініштің барлығы 3 сәуірде қаралады», деді Ерлан Маемеров. 

Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп болжанып отыр.