Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) турнирден кейін әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгін қиын күн болды, екінші орын, бірақ осы екі апта позитивке мол болды, көп тәжірибе алдым Қолдау көрсеткен барлық жанға алғыс білдіремін. Біраз демалып, алдағы турнирлерге дайындалатын кез жетті», деп жазды теннисші.
Еске сала кетсек, шешуші жекпе-жекте Елена Рыбакина Чехия өкілі Петра Квитовадан екі партияда 6:7, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.