• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Шахмат 02 Сәуір, 2023

Бибісара Асаубаева Үндістандағы түрнирде үздік нәтиже көрсетті

306 рет
көрсетілді

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің үшінші кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық шахматшы бұл жолы үндістандық Хампи Конерумен тең ойнады. Тең нәтижеден кейін Бибісара 4,5 ұпай жинап, көш тізгінін қолға алды.

Одан кейінгі орында 4 ұпаймен қытайлық Чжу Цзиньэр келе жатса, үшінші орындағы ресейлік Александра Горячкина 3,5 ұпай жинаған.