• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Сәуір, 2023

Серік Күдебаев Қазақстан шекарасынан өткен жоқ – ҰҚК

428 рет
көрсетілді

Серік Күдебаев Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан ресми жұмыс істеп тұрған бекеттер арқылы өткен жоқ. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі азамат Серік Мырзақұлұлы Күдебаевтің (01.01.1965ж.т.) ресми жұмыс істеп тұрған өткізу пунктері арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтпегенін хабарлайды.

Бүгінгі күні шектес мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен бірлесе отырып, тексеру тағайындалды.

Тексеру нәтижесі қосымша хабарланатын болады», делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы С.Күдебаев 3 сәуір күні сағат 10:00-де сотқа жеткізілуі тиіс еді. Алайда, прокурор күдіктіні алып келу туралы қаулыны орындау барысында С.Күдебаевтің елден кетіп қалғаны туралы мәлімет ұсынған.

«Бүгінгі таңда Қылмыстық-процестік кодекстің 324-бабына сәйкес, іс іздеу жариялануына байланысты тоқтатылды. Іс іздеуді қадағалау үшін Жетісу облыстық прокуратурасына жіберілді», делінген Талдықорған қалалық сотының хабарламасында.

Мәлім болғандай, Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.