Қазгидромет 4 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым аумағына антициклон жотасы өз әсерін тигізеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек еліміздің оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр, оңтүстігінде найзағаймен қатты жаңбыр жауады.Республика бойынша оңтүстік–шығыста өте қатты жел, оңтүстікте шаңды дауыл, батыста, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Жетісу облысында, түнде Жамбыл облысында екпіні 30 м/с және одан аса болатын қатты жел сақталады.
Түнде Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстарында 1-6 градус суық сақталады.