Алматыда Lexus көлігінің жолаушысы терезеден беліне дейін шығып алып, қатар келе жатқан көлікті телефонына түсірген. Жергілікті полиция өкілдері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісі тіркелген видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Болжам бойынша, жігіт желіге жүктеу үшін қызықты видео түсірмек болып, өз өмірін қатерге тіккен. Ол терезеден беліне дейін шығып, қатар келе жатқан көлікті телефонына түсірген.
Алматы қалалық полициясы құқық бұзушы азаматқа қатысты ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылғанын жеткізді.
Жүргізуші өз кінәсін толықтай мойындаған.
«Сонымен қатар онымен алдағы уақытта жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу жөнінде заңгерлік түсіндіру жұмыстары жүргізілді», деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.