• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Банк 05 Сәуір, 2023

Қаржы ұйымдарының әлеуеті

452 рет
көрсетілді

Standard & Poor’s (S&P) халық­аралық рейтингтік агент­тігі еліміздің алты банкі мен ірі микроқаржы ұйымының рейтинг­терін растады. Агент­тіктің хабарлауынша, өңірде макроэкономикалық және геосая­си тәуекелдердің шие­ленісуіне қарамастан, біз­дің елдің банк секторы 2022 жылы орнықтылығын көрсет­ті.

Тұтастай алғанда, S&P деректері бойынша, экономикалық циклдерде активтердің сапасын неғұрлым саралап басқару кезінде банк жүйесінің тұрақтылығы көрсеткіштерінің жақсар­ғаны байқалды. Кредиттер бойынша ықтимал шығындарға арналған резерв­терді қалыптастыру бойынша шығыстар және Қазақстан банк секторының пробле­малық кредиттерінің үлесі 2015-2020 жылдары байқалған деңгейден едәуір төмен болып қалуда және активтер сапасының көрсеткіштері тұрақты болып қалады деп күтілуде.

Қазақстанның банк секторының  елдік және салалық тәуекелдерінің бағасы (Banking Industry Country Risk Assessment, BICRA) да «9»-дан «8»-ге жақсартылды және өз қызметін негізінен Қазақстанда жүзеге асыратын банктер рейтингінің базалық деңгейі «b+»-тен «bb-»-ке дейін көтерілді.

Нәтижесінде мына ұйымдардың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері расталды:

«Қазақстан Халық банкі» АҚ «BВ+/B» деңгейінде. Болжам – «Тұрақты»;

«Kaspi Bank» АҚ «ВВ/В» деңгейінде. Болжам – «Тұрақты»;

« ЦентрКредит банкі» АҚ «В+/В» деңгейінде. Болжам – «Тұрақты»;

«ForteBank» АҚ «ВВ-/В» деңгейінде. Болжам – «Тұрақты»;

«Нұрбанк» АҚ «В-/В» деңгейінде. Болжам – «Тұрақты»;

«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ «В/В» деңгейінде. Болжам – «Тұрақты»;

«ОнлайнКазФинанс» микроқар­жы ұйымы» ЖШС (ОКФ) «В-/В» деңгейінде. Болжам – «Тұрақты».

Рейтингтік агенттіктің бағалауы бойынша, Қазақстанның нақты ІЖӨ-сі кейіннен экономиканың алдағы үш жыл ішінде жылына 4%-дан аз өсуімен 2023 жылы шамамен 4%-ға өседі деп күтілуде.

Хабарда Қазақстанның банк секторы кредиттік шығындар  өскеннен кейін түзетудің ұзаққа созылған кезеңінен кейін қалпына келу белгілерін көрсетіп отырғаны атап өтілді. Қалпына келтіруге кредитке сұранысты ынталандыратын шикізат тауарларына қолайлы баға, сондай-ақ активтер сапасының айтарлықтай жақсаруы ықпал етеді. Ел банктерінің көрсеткіштеріне жоғары маржа мен пайда табу қабілеті оң әсер етеді, бұл сыртқы операциялық ортаның белгісіз және құбылмалы болып қалғанына қарамастан, оларды тәуекелдерден қорғауды қамтамасыз етеді.

2022 жылы Қазақстанның банк секторының таза пайдасы 1,5 трлн теңгені (3,2 млрд АҚШ дол­ла­ры) құрады, бұл 2021 жылмен салыс­тырғанда 14%-ға жоғары. Осы жылы пайда көрсет­кіш­тері бірдей деңгейде сақталады деп күтілу­де, бұл ретте орташа капитал­дың рента­бельділігі (return on average equity, ROAE) 25-30%-ды құрайды, ал таза пайыз­дық маржа 5%-дан жоғары болады.

Бұл ретте халықаралық бағалау­лар бойынша кредиттеудің өсу қар­қыны қалпына келуді жалғастырады және номиналды көрсетуде жылына, шамамен 15-17%-ды құрайды. Ал біздің елдегі банк секторының проблемалық кредиттерінің үлесі тұтастай алғанда 9%-ға жуық дең­гей­де тұрақты болып қалады.