• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Наурыз, 2026

Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

20 рет
көрсетілді

Наурыз мейрамы кезеңінде халықтың теміржол тасымалдарына деген жоғары сұранысын өтеу мақсатында сұранысқа ие бағыттарға қосымша пойыздар қосылады, деп жазады Egemen.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, 22 рейске 3 қосымша пойыз қосылады: 

№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»; №204/203 «Нұрлы жол – Шымкент»; №205/206 «Ақтөбе – Нұрлы жол».

Астанадан Семейге қатынайтын пойыздарға жаңа вагондар қосылады

Сонымен қатар жолаушылар саны көп бағыттар бойынша қолданыстағы пойыздарға қосымша 230 тіркемелі вагон қосылған.

«Қала маңы тасымалдары желісі бойынша Астана – Павлодар, Шу – Тараз, Астана – Атбасар, Астана – Курорт-Бурабай, сондай-ақ Қарағанды – Балқаш бағыттары бойынша 11 қосымша рейс ұйымдастырылды және Қарағанды – Балқаш бағытына 6 тіркемелі вагон қосу қарастырылған», делінген министрлік таратқан хабарламада. 

Аязды күні жолда қалған 390 адам пойызбен тасымалданды

Жалпы Наурыз мейрамы күндері жолаушылар үшін қосымша шамамен 45 мың орын ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар