Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 29 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жеке тінту кезінде a-PvP психотроптық есірткі затының 1 zip пакеті тәркіленді. Күдіктінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту жұмыстары барысында изолентаға оралған 74 zip пакеті және ұнтақ заты бар 5 zip пакеті тәркіленді.
Есірткінің жалпы салмағы 30,62 гр құрады, zip пакеттерінде a-PVP және мефедрон психотроптық есірткі заты болды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.