• RUB:
    4.99
  • USD:
    441.59
  • EUR:
    480.27
Басты сайтқа өту
Шахмат 05 Сәуір, 2023

Бибісара бас жүлдеден үмітті

251 рет
көрсетілді

Үндістанның бас шаһары – Нью-Делиде өтіп жатқан шахматтан Гран-при жарысының үшінші кезеңі өз мәресіне таяп келеді. Соңғы тур алдында үш шахматшы көш бастап тұр.

10-турда Бибісара Асаубаева мен Нана Дзагнидзеге демалыс берілді. Бұл турға жоспарланған төрт ойынның үшеуі тең есеп­пен аяқталып, бір матчта қытайлық Чжу Цзиньэр жеңімпаз атаны. Ол турнир кестесінде соңғы орында келе жатқан Вайшали Рамешбабуді 1:0 есебімен жеңді. Ал ресейліктер – Александра Горячкина мен Полина Шувалова, Екатерина Лагно (Ресей) – Харика Дронавалли (Үндістан) және Хампи Конеру (Үндістан) – Нино Бациашвили (Грузия) арасындағы бәсекелерде ½ – ½ есебі тіркелді.

8 матчта 5,5 ұпай жинаған Бибісара Асаубаева, Александра Горячкина және Чжу Цзиньэр соңғы тур алдында турнир кестесінде көш бастады. Ал кеше соңғы, шешуші турда Бибісара Асаубаева Ека­терина Лагномен, Александра Горячкина Хампи Конерумен, Чжу Цзиньэр Нино Бациашвилимен шеберлік байқасты.