Интернет желісінің жедел дамуы мобильдік жүйелердің артуына негіз болып, қоғамдық өмірге енгелі қашан. Осыған байланысты телекоммуникация саласының әлемдік трендтегі сымсыз мобильді желілер ауқымы кеңейіп, ұялы байланыстағы абоненттер саны артып келеді. Сонымен қазіргі таңдағы күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған ұялы байланыс іс жүзінде қажеттілігі жоғары құрал болып қалыптасып, елімізде былтыр 25,1 млн абонент тіркелген екен.
Биыл ақпан айының соңына қарай елдегі мобильді интернет жылдамдығы бір жылда 19,5 пайызға артып, 23,46 Мбит/с құраған. Еліміз әлемнің 233 елі арасында мобильді интернеті ең арзан 20 елдің қатарында болса, интернетке қолжетімділік индексі бойынша бағасы ең төмен 10 елдің арасындағы 9-шы орынға тұрақтады. Бүгінгі күні елдегі мобильді интернетпен қамту 96 пайызды құрап отыр.
Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 3,3% артқан көрінеді. Біздегі мобильді интернет дүниежүзілік желіге шығудың негізгі көзі екендігін ескерсек, интернетке қосылған ұялы байланыс абоненттерінің саны бір жылда 3,1% өсіп, 17,4 млн құраған. Елімізде тұрғындар мен шеттен келушілер үшін «Kcell» (Kcell және Activ сауда белгілері), «Мобайл Телеком-Сервис» (Tele2 және Altel сауда белгілері) және «Кар-Тел» (Beeline сауда белгісі) операторы нарықтық бәсекеге қабілеттілігін танытып отыр. Ал осы саланың сарапшы мамандары әлем бойынша ұялы байланыс операторларының шоғырлануы нарықтағы қатысушылар санының ұлғайғандығын, ал ойыншылар қатары қысқару үрдісінде екендігін айтады.
Биыл ақпан айында шведтік Ericsson телекоммуникациялық компаниясының бас директоры еуропалық сала құрылымының тұрақсыздығынан бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін бір арнаға тоғысуға шақырған. «Еуропадағы басты мәселе, тұтынушылардың желілерді құруға мүмкіндіктерінің жоқтығы және бұл ұзақмерзімді перспективада Еуропаның бәсекеге қабілеттілігіне нұқсан келтіруі мүмкін», деген еді CNBC-ге берген сұхбатында. Ол бұл жағдайдан шығудың негізгі жолы операторларды біріктіру керектігін алға тартады. Деректерге қарағанда, АҚШ-та Verizon, T-Mobile және AT&T. Cricket Wireless және Mint Mobile (Ryan Reynolds) ұялы байланыстың үш операторы қамтамасыз етілген.
Біздің сарапшылар «Еуропада жағдай басқаша, көптеген елде Vodafone сияқты ірі халықаралық брендтерден басқа, тек өз шекараларында жұмыс істейтін кемінде үш немесе төрт телекоммуникациялық қызмет провайдері бар. Нәтижесінде, Еуропада жүздеген ұялы байланыс операторларымен аталған салалық құрылым тұрақсыз әрі ауқымды дамуға дайын емес. Дәл осы мәселені ойыншылардың бірігуі мен ұлғаюы арқылы шешуге тура келеді. Жалпы, бұл үрдіс қазірдің өзінде әлемде белең алып, шындығында ұялы байланыс операторларының саны аз нарықта тұрақты әрі бәсекеге қабілетті», деп санайды.
Биыл ақпан айының соңына қарай елдегі мобильді интернет жылдамдығы бір жылда 19,5 пайызға артып, 23,46 Мбит/с құраған. Еліміз әлемнің 233 елі арасында мобильді интернеті ең арзан 20 елдің қатарында болса, интернетке қолжетімділік индексі бойынша бағасы ең төмен 10 елдің арасындағы 9-шы орынға тұрақтады.
Бүгінгі күні елдегі мобильді интернетпен қамту 96 пайызды құрап отыр. Бұл әсіресе, осыдан үш жыл бұрын халықты әуре-сарсаңға салған пандемия кезінде сабақ пен жұмыс офлайннан онлайнға ауысқан тұста интернетке қажеттілік әжептәуір сезілді. Сонымен нарықтағы сипаттамаға пікір білдірген сарапшылар жер көлемі неғұрлым үлкен болса, оларды интернетпен қамтамасыз ету соғұрлым қымбатқа түсетіндігін, бұл өз кезегінде пайдаланушылар үшін интернеттің жоғары түпкілікті құнына әсер ететіндігін, алыс қашықтыққа интернет жылдамдығының және тұтынылатын трафиктің артуына байланысты абоненттер үшін төменгі бағамен байланыстырады. Кейінгі кезде елдегі интернеттің біркелкі таралмауы белгілі жайсыздық тудырып, тіпті халық тығыз орналасқан қалалардың өзінде бір қосылып, бір өшкендіктен тұрғындарға кері әсерін тигізіп тұр. Тіпті 7 модельдік цифрлық фабрикалар санатына енгізілген алыс шетелде сұранысқа ие өнімдерді өндіретін ірі кәсіпорындардың кейбіреуінде жоғары жылдамдықты интернет қосылмаған деген ақпарат та жоқ емес.
Былтыр Ұлттық статистика бюросы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 100 адамға тіркелген интернет арқылы абоненттер тығыздығы жөнінде сараптама жүргізіп, нәтижесінде елдегі әрбір 100 адамның 15-і тұрақты тіркелген интернетті пайдаланатындығын анықтаған. Осыдан бірнеше жыл бұрын еліміздің телекоммуникация нарығыда «Қазақтелекомнан» басқа ASTEL, Nursat, KazTransCom, Транстелеком, TNS Plus, SA Telcom, 2Day Telecom және КАТЕЛКО секілді компаниялар жұмыс істеп, 2016 жылға дейін «Алтел», «Мобайл Телеком-Сер-вис», «Кселл» және «Кар-Тел» болған. Нарықтағы бәсекелестікті арттыруда өткен жылы Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту Концепциясын бекітті.
Осы орайда, таяуда Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Экономиканың түрлі салаларында бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында агент төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов қазіргі таңдағы қоғам мен халықты толғандырып жүрген өзекті мәселенің бірі ұялы байланыс саласына тоқталды. Ұялы байланыс нарығында 2 субъектінің бірі 62%-дық үлеспен «Қазақтелеком» АҚ тобы («Kcell» АҚ, «Мобайл Телеком – Сервис» ЖШС) және 38%-дық үлесте «Кар-Тел» ЖШС бар екендігін атап, «Қазақтелеком» АҚ-дағы жиіліктерді иелену бойынша 82%, «Кар-Тел» ЖШС-18% құрайтындығын айтты.
«Нарықтағы шоғырлану (CR-2), мемлекеттің қатысу үлесінің басымдылығы мен еркін радиожиіліктің жоқтығы, РЖС және телекоммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізілуде», деп түсіндірді Р.Ахметов телекоммуникация саласындағы бәсекелестікті дамытудың Жол картасын таныстыру барысында.
Ол сонымен қатар басымдық спектрлік ресурстардан басқа, «Қазақтелеком» АҚ табиғи монополиялар саласына жататын республиканың бүкіл аумағы бойынша жерасты кабельдік кәрізінің 80%-дан астамына ие екендігін, мемлекет қатысатын оператордың нарықты монополиялауы байланыс операторлары арасындағы клиент үшін бәсекелестіктің төмендеуіне әкеліп, нәтижесінде абоненттер бағасының өзгеруіне, тұтынушыларға талап етілмеген қызметтерді жүктеуге, абоненттерге қызмет көрсету сервисінің нашарлауына, сондай-ақ байланыс және интернет қызметтерінің сапасына шағымдар артып, бүгінде мемлекеттік ресурстың қолданыстағы ұялы байланыс операторлары арасында толығымен бөлінгендігін жеткізді. Сонымен қатар жаңа компаниялар ұялы байланыс нарығына ене алмайтындығы, осындай мәселелерді шешу үшін телекоммуникация саласындағы Жол картасы бекітілгендігін айтты.