Адвокаттарды соққыға жықты деп айып тағылған Нұрасыл Болатқа қатысты іс сотқа жіберіледі.
Еске сала кетейік, ол ерлі-зайыптыларды соққыға жыққан еді. Оқиға Алматыда болған.
«Жедел тергеу амалдары бойынша күдікті ретінде Болат Н.Д. кінәсі толықтай дәлелденді. ҚК 107-бабы, 2-тармағымен жүргізілген тергеу аяқталды. Қазіргі кезде іспен танысу жүріп жатыр. Бәрі біткеннен кейін Алматы әскери сотына жібереміз. Қазір Болат Н.Д. әскери бөлім бақылауында», деді ІІМ Оңтүстік-өңірлік әскери-тергеу басқармасының басшысы Мұхит Жауғашев.