• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Сәуір, 2023

Ақмола облысының тұрғыны 9 мина мен 5 граната тауып алды

377 рет
көрсетілді

Ақмола облысының тұрғыны шөл даладан 9 мина мен 5 граната тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жарқайың ауданы Тасты-Талды ауылының тұрғыны жарылғыш заттарды 4 сәуірде тапқан. Айтуынша, ол қара металды жинау кезінде арнайы құрылғының көмегімен шамамен 50 сантиметр тереңдіктен алып шыққан. Оқиға туралы ер адам бірден полицияға хабарлаған.

Жедел-тергеу тобы мен сапер мамандары дереу жолға шықты. Табылған жарылғыш заттар, атап айтқанда, танкке қарсы 3 мина, жаяу әскерге қарсы 6 мина, F-1 және rid-5 моделді 5 граната тексеріліп, олардың оқу-жаттығулық екені және өмірге қауіп төндірмейтіні туралы қорытынды шығарылды.