• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Инновация 06 Сәуір, 2023

Елордалықтарды интернетпен қамтамасыз етуге 1,5 млрд теңге бөлінеді

210 рет
көрсетілді

Астана әкімдігі елорда тұрғындарын интернетпен қамтамасыз етуге 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бөледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана әкімдігі интернет сапасы нашар аудандарды анықтады. Кейбір аудандардағы аумақтар жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілмеген.

Әкімдік инвесторларды тарту есебінен желінің сапасы біршама жақсартылатынын айтты.

Қазіргі уақытта бұл мақсатқа 1,5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Қала әкімшілігі бұл жұмысты цифрлық даму министрлігімен және ұялы байланыс операторларымен бірлесіп жүргізіп жатыр.