• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 06 Сәуір, 2023

Атырауда ауаның ластануы бойынша тексеру жұмыстары басталды

520 рет
көрсетілді

Атырау мұнай өңдеу зауыты мен KPI-де төтенше жағдай белгіленді. Осыған байланысты Атырауда ауаның ластану фактісі бойынша кәсіпорындарды жоспардан тыс тексеру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Атырау мұнай өңдеу зауытындағы түтін мен «Ақ Жайық» қорығындағы қамыстың өртенуін сыни жағдай туғызған төтенше жағдай деп атаған еді.

2023 жылғы 2 сәуірде Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Дамбы ауылынан 30 шақырым жерде орналасқан Ақ Жайық аумағында қамыс өртенгені туралы хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, жалпы өрт аумағы 89,5 гектарды құрады. Басқа елді мекенге таралу қаупі анықталған жоқ.

Air.kz сайтының хабарлауынша, 3 сәуірде артық ластаушы заттар табылған жоқ. Ол кездегі желдің бағыты шығыстан, қалаға қарай соққан. Дәл сол күні экология департаментінің мамандары Дамба елді мекенінде атмосфералық ауаға мониторинг жүргізген.