Жыл басында «Астана» велокомандасының жейдесін киген Ұлыбританияның әйгілі велошабандозы, көптеген ірі халықаралық жарыстың жеңімпазы Марк Кавендиш жаңа клубтағы екінші жеңісіне қол жеткізді.
Бельгияның Фландрия аймағында өткен 111 жылдық тарихы бар біркүндік «Scheldeprijs» бәсекесінде Марк Кавендиш мәре сызығын үшінші болып кесті. 205,3 шақырымға жалғасқан жарыс жолын «Астана» өкілі 4 сағат 25 минут 38 секунд ішінде жүріп өтті. Ал бас жүлде бельгиялық Джаспер Филиппсенге (ProTeam Alpecin – Deceuninck) бұйырса, екінші орынды аустралиялық Сэм Уэлсфорд (DSM) иленеді.
Марк Кавендиш бұған дейін «Scheldeprijs» жарысында үш мәрте (2007, 2008 және 2011) жеңімпаз атанып, төрт мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінген. Сондай-ақ ол осы доданың 2021 жылғы бәсекесінде де үшінші орынға табан тіреген еді.