• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тарих 06 Сәуір, 2023

Жәнібек және жалынды жастар

222 рет
көрсетілді

...Жасы бүгінде сексеннің үшеуінен асқан Қалиғұмар аға Қабдешев жарты ғасырдан астам уақыт бойы фотосуретшілікпен шұғылданған жан. Қазақ жерінде аяғы тимеген жері аз деуге де болады. Әйтеуір, осы салада кәсіби маман тұрғысында ерен еңбек етіп, елінің абыройын арттырған ардақты азаматтарды ғана емес, қарапайым жұмыскерлерді де қырағы объективіне алды. Таңғажайып табиғат көріністерінің бедерлі бейнесін жасады. Ол кісінің қазақ өнерінің майталмандары туралы суреттерінің, тіпті жөні бөлек. ...Жасы бүгінде сексеннің үшеуінен асқан Қалиғұмар аға Қабдешев жарты ғасырдан астам уақыт бойы фотосуретшілікпен шұғылданған жан. Қазақ жерінде аяғы тимеген жері аз деуге де болады. Әйтеуір, осы салада кәсіби маман тұрғысында ерен еңбек етіп, елінің абыройын арттырған ардақты азаматтарды ғана емес, қарапайым жұмыскерлерді де қырағы объективіне алды. Таңғажайып табиғат көріністерінің бедерлі бейнесін жасады. Ол кісінің қазақ өнерінің майталмандары туралы суреттерінің, тіпті жөні бөлек.

Осыдан біраз бұрын (27.01.21 ж) «Егемен Қазақ­станда» біз жіберген «Мәскеу фестиваліне барғанда...» деген фотосуретті шығарған едіңіздер. Енді бұл тақырыпқа қайта оралып, тағы біреуін «жолдап» отырмыз.

– Сонау 1985 жылы кешегі Совет өкіметінің астанасы Мәскеу қаласында жастар мен студенттердің XII фестивалі өтті, – дейді Қалиғұмар аға. – Осынау үлкен, аса ауқымды бас қосуға мен де фототілші ретінде (әрине, тиісті орындардың жолдамасымен) қатысқан едім. Мына суретті сонда түсірген едім. Мұнда фестивальге жіберілген қазақ жастары делегациясы бір тобының Кремль алдындағы қызыл алаңдағы шеруінен көрініс берген. Ортадағы домбыра тартып келе жатқан ұлттық үлгідегі баскиімді, ақ костюм-шалбарлы жігіт – қазақтың керемет әнші, композитор, өнер зерттеушісі, марқұм, қайран Жәнібек Кәрменов.

Иә, сол кезде ұлтымыздың жалын жүрек жас қыз-жігіттері алып империяның бас қаласының басты алаңын осылайша тамаша ән-думанға бөлеп еді-ау!

 

Берікбай ҚАДЫҚОВ,

журналист

 

Алматы облысы,

Қарасай ауданы