• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 07 Сәуір, 2023

Қазақстанның фармацевтика нарығы импортқа тәуелді

504 рет
көрсетілді

Фармацевтика нарығы импортқа тәуелді. Елімізге дәрі-дәрмек толығымен шетелдерден жеткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Vi-Ortis деректері бойынша, 2022 жылы импорт 799,3 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға артық. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, нарықтағы дәрі-дәрмек саудасы 863 млрд теңгені құрайды. Оның 162 млрд теңгесі ғана отандық өндірушілерге тиесілі. Қазақстанға дәрі-дәрмек импорттайтын негізгі елдер Ресей, Беларусь, Украина. Ресми мәліметтер бойынша, 2022 жылы Ресейден 6,4 мың тонна дәрі - дәрмек жеткізілсе, Беларусьтен - 1,2 мың тонна, Украинадан - 730 тонна дәрі-дәрмек әкелінген.