• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 07 Сәуір, 2023

Астана әуежайында заңсыз такси жүргізушісі қамауға алынды

449 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері еліміздің әуе және теміржол көлігі нысандарында көлік полицейлері қоғамдық орындарда адамдарға тиіскені үшін 778 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның 220-сы – заңсыз такси жүргізушісі, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдеу барысында №1 терминалда елорданың 37 жастағы тұрғынын анықтады. Ол әуежайдан шыға берісте жолаушылардың мазасын алып, такси қызметін ұсынып, тәртіп сақшыларының ескертулеріне құлақ аспаған. Сонымен қатар ер адам полиция бөлмесіне жеткізу кезінде полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған. 

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) және 667-бабы 1-бөлігі (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы екі тәулікке қамауға алынды. 

Сондай-ақ 2 сәуірде басқа бір заңсыз такси жүргізушісі Астана әуежайындағы полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.