Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 6-7 маусымда Алматыда қыздар арасында Құранды жатқа оқудан ІІІ республикалық байқау өтеді, деп хабарлады Egemen.kz ҚМДБ сайтына сілтеме жасап.
Жарысқа қатысушылар Құранның 30, 20, 10 және 5 пара номинациялары бойынша бақ сынайды.
Жалпы жүлде – 8,3 млн теңге. Атап айтқанда:
Құранды толықтай жатқа оқу бойынша:
1-орын (1,5 млн теңге); 2-орын (1,2 млн теңге); 3-орын (1 млн теңге).Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша:
1-орын (1 млн теңге); 2-орын (800 мың теңге); 3-орын (600 мың теңге).Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:
1-орын (600 мың теңге); 2-орын (400 мың теңге); 3-орын (300 мың теңге).Құранның 5 парасын жатқа оқу бойынша:
1-орын (400 мың теңге); 2-орын (300 мың теңге); 3-орын (200 мың теңге).Үміткерлердің құжаты 15 мамырға дейін қабылданады.