• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Сәуір, 2023

Жүлде қоры – 8,3 млн теңге: қыздар арасында Құранды жатқа оқу байқауы өтеді

396 рет
көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 6-7 маусымда Алматыда қыздар арасында Құранды жатқа оқудан ІІІ республикалық байқау өтеді, деп хабарлады Egemen.kz ҚМДБ сайтына сілтеме жасап. 

Жарысқа қатысушылар Құранның 30, 20, 10 және 5 пара номинациялары бойынша бақ сынайды.

Жалпы жүлде – 8,3 млн теңге. Атап айтқанда:

Құранды толықтай жатқа оқу бойынша:

1-орын (1,5 млн теңге); 2-орын (1,2 млн теңге); 3-орын (1 млн теңге). 

Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша:

1-орын (1 млн теңге); 2-орын (800 мың теңге); 3-орын (600 мың теңге).

Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:

1-орын (600 мың теңге); 2-орын (400 мың теңге); 3-орын (300 мың теңге).

Құранның 5 парасын жатқа оқу бойынша:

1-орын (400 мың теңге); 2-орын (300 мың теңге); 3-орын (200 мың теңге).

Үміткерлердің құжаты 15 мамырға дейін қабылданады.