Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 5-турындағы алғашқы ойын нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған турдағы алғашқы кездесуде «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Ақсу» (Павлодар облысы) шеберлік байқасты.
Кездесу барысында көкшетаулық клубтан Срджан Димитров 20, 60-минуттарда екі голдың авторы атанса, Максим Драченко 77-минутта есепті үстемелей түсті.
Осылайша көкшетаулық команда қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.
«Оқжетпес» екі тур қатарынан қарсыластарын ірі есеппен жеңіп келеді. Өткен турда олар сырт алаңда «Атырауды» 4:0 есебімен сүріндірді.
Енді 16:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Атырау», «Мақтаарал» (Түркістан облысы) мен «Каспий» клубтары жасыл алаңға шығады.
Ал 20:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Шахтёр» (Қарағанды) ойнайды.
Ал 9 сәуірде «Қайрат» (Алматы) пен «Жетісу» (Талдықорған), «Тобыл» (Қостанай) мен «Астана», «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақтөбе» командалары кездеседі.