Астана қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен ересектер арасында Азия чемпионатында қазақстандық екі балуан қола жүлде алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрлықтық додада Аманғали Бекболатов (55 келі) қытайлық Хайфенг Жангті 9:0 есебімен жеңді. Осылайша үшінші орынға ие болды.
Ал Мұхамедалі Мамырбек (63 келі) жапониялық Чейзо Маруяманы 9:0 есебімен жеңді. Нәтижесінде құрлықтық додада қола жүлде алды.
Енді ел құрамасынан Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) алтын медальға таласса, Демеу Жадыраев (77 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола жүлде үшін белдеседі.
Грек-рим күресінен 10 сәуірде қалған салмақтарда жүлделер сарапқа салынады.
Ал 11-12 сәуір әйелдер күресінен сайыстар өткізіледі.
Сәуірдің 13 мен 14 аралығында еркін күреспен жарыс өз мәресіне жетпек.