• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Шілде, 2014

Өзгеше турнир

476 рет
көрсетілді

Жуырда IV алматылық қайырымдылық футбол турнирі мәреге жетті. Оған 19 команда қатысып,  жарыс әділ өтуі үшін білікті төрешілер шақыртылды. Ең бастысы, теңбіл доп жары­сынан түскен барлық қаражат қайырымдылық мақсатқа жұм­салады. Яғни, «ДЦП» ауруымен ауыратын балаларға медициналық құралдар және де медициналық препараттар сатып алынбақ. – Менің ойымша қайырым­дылық турнирде жеңімпаз, ұтылған деген болмайды, тек достық қана болады, – дейді «Алтын Қыран» Қайырымдылық қорының өкілі Тоғжан Тілегенова. Себебі, осынау турнир – бұл қатысушыларға достық қарым-қатынас орнатуға, жаңадан әріптестер тауып, танысуға, саламатты өмір салтына жетелейтін мүмкіндіктер алаңы. – Соңғы жылдары дәстүрге еніп келе жатқан қайырымдылық турнирдің – игілікті бастамалар қатарына қосылғаны қуантады. Және де менің байқағаным, мен қа­тысқан басқа турнирлермен салыстырғанда, бұл жерде ойын­­­шы­лар да жақсы өнер көрсе­тіп, жа­­­рақат өте аз болды, тіпті, ауыр жара­қат болмады, – деді НСК сақтан­­­дыру компаниясының дәрігері. – Бір жағынан, жігіттер осындай қайырымдылық іс-шарасына қатысып, өздерінің үлестерін қосса, екінші жағынан, олар саламатты өмір салтын ұстануда. Әр жыл сайын турнирге жаңа командалар қатысуда. Жүлделі орын алған командалар кубок, ме­даль алса да, бұл жерде ең бас­тысы осы ізгі шараға қатысу деп ойлаймын, – деді «MEGA» коман­дасының капитаны Әлішер Әлиев. Турнирге төрт жылдан бері қатысып, биыл бірінші орын алған Marseille («Қазақстан Халық Банкі») командасының капитаны Дияр Әзбергенов турнирдің жа­рыстан гөрі, қайырымдылық іс-шара екендігіне көңіл бөліп, жиналған қаражат мүгедек бала­лар­ға жұмсалатынына қуанады. Сонымен теңбіл доп тур­­­ни­рін ұйымдастыруға «Бола­шақ» корпоративтік қоры, Қазақ­­­стан­­­­дағы Лондондық эконо­микалық мектебінің қауым­дас­тығы, Қазақ­стандағы Империал колледж қауымдастығы, «Халық­аралық «Алтын Қыран» қайырымдылық қоры «Altyn Kyran» атсалысты. Осы жылы турнирге «RG Brands» компаниясы, «OneCard», «Fi­delity» фитнес-клубы, «НСК» сақ­тандыру компаниясы, Mar­seille­Pub, «Команда Я волонтер» Қо­ғам­дық қоры демеушілік танытқан. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан».  АЛМАТЫ.