Қызылордада 11-сынып оқушылары арасында төбелес болып, бір жеткіншек пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зардап шегуші ауруханаға жеткізілген, тиісті ем алып үйіне жіберілді.
Осы оқиғаға байланысты шаһардағы мектеп-лицейлердің бірінде директордың екі бірдей орынбасары жұмыстан шығарылды.
Олар өз міндетін дұрыс атқармай, қателік жібергені үшін орнын босатқан. Ал мектеп директорына қатысты қатаң жаза қолдану жайы қарастырылып жатыр.