• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Дін 10 Сәуір, 2023

Ауызашар берудің сауабы қандай?

2186 рет
көрсетілді

Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың бірі. 

Ауызашар беру – сауабы мол амал. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза ұстаушыны тамақтандырған адам (ауызашар берген) оның сауабын алады. Әрі оған ораза ұстаушының сауабы еш кемітілмей беріледі», деп сүйіншілеген (Тирмизи).

Ауыз аштырудың төрт түрлі сауабы барын айтуға болады. Олар:

1)Ораза ұстаушының сауабы беріледі.

2) Күнәлары кешіріледі.

3)Рамазан айы бойына періштелер ауыз аштырған кісіге Алладан жарылқау тілеп тұрады.

4)Тозақ отынан азат болады.