Бүгін, 10 сәуірде Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстанға ресми сапармен келген Әзербайжан Президентін Премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.
Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға бет алды.