Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер, композитор Әли Алпысбаевтың «Елге арнау» атты шығармашылық кеші өтті. Аталған концерт Жетісу облыстық филармониясының ұйымдастыруымен өтіп отыр.
Мәдени сазды кешті еліміздегі ірі екі оркестр сүйемелдеді. Айтқали Жайымов жетекшілік ететін қазақ оркестрі, дирижері – Нұрлан Бекенов және Әділ Бестембековтің басқаруындағы симфониялық оркестр. Бас дирижері Қалқаман Дүйсебаев.
Композитордың туындыларын танымал өнер қайраткерлері – Мейір Байнеш, Светлана Айтбаева, Арайлым Рахымқызы, Жанар Жүсіпова, Ботагөз Ташимова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Әсем Сембина, Шынар Каримова, Айгерім Аманжолова, Жәмила Далишева, Алтынбек Әбілда орындады.
Көрерменнің көңілін тербеткен сазды кеш жүрекке жылы әсер қалдырған әуендерге толы болды.