• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Сәуір, 2023

Келесі жылыту маусымында Екібастұзда ешқандай проблема болмайды - Р.Скляр

213 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр келесі жылыту маусымында Екібастұз қаласында ешқандай қиындықтар болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Министр мен әкімдік аудитті аяқтағандарын хабарлады. Екібастұз жылу-электр орталығының өзіне де, жылу желілеріне де жеткілікті қаражат бөлінеді. Жөндеу жұмыстары толық көлемде атқарылады. Облыс әкімінің өзі айтқандай мен оны бұл мәселеде қолдап отырмын. Келесі жылыту маусымында Екібастұзда ешқандай проблема болмайды», деді Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін жуоналистерге берген сұхбатында.