Рамазан айында мұсылман адамның өзі және отбасындағы әр адам үшін пітір садақа беруі – уәжіп.
Оны өзінің қажеттілігін қоспағанда мал-мүлкі, дүниесі күміс нисабына (595 гр) жеткен адам береді.
Тұрмысы нашар, яғни артық мал-мүлкі нисап мөлшеріне жетпеген кісі пітір садақа беруге міндетті емес, сауап үшін беріп жатса өз еркі. Алайда, садақаны өзінен жағдайы төмен адамға бергені дұрыс. Әйелі және үлкен балаларының жағдайлары жетіп тұрса, олар пітір садақаны өздері береді. Ал олар үшін де пітір садақа берген адам әлбетте сауапқа кенеледі.
Еске сала кетсек, биыл пітір садақасы мөлшері 535 теңге болып бекітілді.