• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Сәуір, 2023

Дизельдің қымбаттауы басқа тауарлардың бағасына әсер етпейді – АШМ

241 рет
көрсетілді

Ауылшаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтың айтуынша, Қазақстанда дизель отыны қымбаттағанымен, ол таяу арада басқа тауарлардың бағасына әсер етпейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жалпы, жанар-жағармай бағасының өсуі тауарлардың құнына әсер етеді, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуметтік маңызы бар тауарларының да. Жалпы, сараптамалық бағалауға сәйкес, жанар-жағармай бағасының 20%-ға өсуі тауардың өзіндік құнының 2-ден 5%-ға дейін артуына әсер етуі мүмкін. Бірақ қазір көктемгі суару маусымына қажетті көлем, яғни 413 мың тонна алдын ала қарастырылып қойғанын атап өту керек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мың тоннаға артық. Бағасы да нарықтық бағадан 20%-ға төмен. Сондықтан жанар-жағармай бағасының, атап айтқанда дизель отынының өсімі қысқа мерзімді перспективада бағаларға әсер етпейді», деді Ербол Тасжүреков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында.