• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Сәуір, 2023

Байқоңырда үшем дүниеге келді

522 рет
көрсетілді

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында босанған Байқоңыр қаласының 31 жасар тұрғыны Әйгерім Әлімханова қыздарына Айлин, Анель, Адель деген есім беріпті. Бұл туралы Egemen.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа қарағанда, аталмыш бағдарлама 2021 жылдан бастап елімізде қосалқы репродуктивті технологиялардың көмегімен отбасылық-демографиялық проблемаларды шешуге жәрдемдесу мақсатында іске қосылған.

Бағдарлама аясында 2021 жылы Қызылорда облысына 281 квота бөлінген, соның негізінде ЭКҰ арқылы 119 бала туылып, 3 отбасында егіз сәбилер дүниеге келген екен.

Айта кетсек, 2022 жылы бөлінген 277 квота да толық пайдаланылған. Биыл бұл бағдарлама бойынша 274 квота бөлінсе, бүгінгі күні оның 92-сі игерілген.

Аталмыш бағдарлама аясында сәбилі болған байқоңырлық ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Шақалақтар 1180, 1200, 1400 грамм болып туылған.

Үшем Байқоңыр қаласында туылып, сол күні санитарлық авиация желісі арқылы облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілген.