Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, еліміздің жеті мыңнан астам білім беру ұйымдарының оқушылары шахматтан челленджге қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ойын Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де басталды. Мұндай ауқымды іс-шара алғаш рет өткізіліп отыр. Шахматтан республикалық челленджге барлығы миллионға жуық оқушы қатысты.
Челлендж балаларға, жасөспірімдерге және педагогтарға осы спорт түрінің жаппай дамуын және өздерінің жарқын жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Челленджді бастап берген Оқу-ағарту министрі зияткерлік спорт түрінің маңызын атап өтті.
«Білім беру ұйымдарында «Мектептегі шахмат» жобасы жүзеге асып жатыр. Біздің өскелең ұрпақтың осы спорт түрін үйренуге қызығушылығы артып келе жатқаны қуантады. Шахмат ойнай отырып, ақыл-ойларыңыз дамып қана қоймай, сіздер еңбекқорлық, табандылық пен қайсарлық қасиеттерін игере аласыздар», деді министр Ғани Бейсембаев челлендж қатысушыларына.