• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Сәуір, 2023

Ұлттық экономика вице-министрі ұсталды

336 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров ұсталды. Ақпаратты Антикордың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«10 сәуірде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен күдікті І.Өсеровке қатысты 2 ай мерзімге үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш келіп түсті», делінген хабарламада.

Өтініш қанағаттандырылды. Күдіктіге қатысты екі ай мерзімге, яғни 2023 жылғы 10 маусымға дейін бұлтартпау шарасы қолданылады.

Ілияс Өсеров 2022 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарып келеді.