• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Сәуір, 2023

Сувонда бақ сынайды

216 рет
көрсетілді

17 сәуірде Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында шайбалы хоккейден бірінші дивизионның «В» тобындағы әйелдер командалары арасында әлем чемпионаты басталады.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Вик­тория Сазонова бұл жарыста мына ойын­шыларға сенім артып отыр: Қақпашылар – Дарья Дмитриева, Полина Говтва («Торпедо», Өскемен) Арина Щеколова («Томирис», Астана). Қорғаушылар – Юлия Буторина, Анастасия Дубровская, Катрин Мескини («Торпедо», Өскемен), Алина Иванченко, Анна Пяткова, Мәдина Тұрсынова («Айсұлу», Алматы), Жанел Қозғұлова, Дария Молдабай («Томирис», Астана). Шабуылшылар – Мәлика Алдабергенова, Татьяна Королева, Лариса Свиридова («Айсұлу», Алматы), Пернеш Әшімова, Александра Голотвина, Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова («Томирис», Астана), Мәдианна Нүсіпова («Жұлдыз», Алматы), Ділназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы, Карина Фельзинк («Торпедо», Өскемен).

Сувонда жерлестеріміз Ұлыбритания, Польша, Словения, Италия және Оңтүстік Корея құрамаларымен ойнайды. Осы турнирде бірінші орын алған команда келесі жылы «А» тобында өнер көрсетеді.