• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Теннис 12 Сәуір, 2023

Юлия ПУТИНЦЕВА: Жеңіс үшін барымызды саламыз

186 рет
көрсетілді

Ертең елордадағы «Beeline Arena» ұлттық теннис орталығында теннистен Қазақстан мен Польша әйелдер құрамалары Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі аясында шеберлік байқасады. Маңызды матч қарсаңында екі құраманың капитандары мен ойыншылары баспасөз мәслихатына қатысып, алдағы ойын туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

Польша құрамасының капитаны Давид Цельт бұл кездесуде Қазақстан теннис­шілерін фаворит деп санаса да, шәкірттері тек жеңіс үшін ойнайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол жерлестеріміздің жеке шебер­лігіне тоқталып, Ига Швентек пен Магда Фрехтің жоқтығын айтты.

«Ертең бізді өте ауыр сынақ күтіп тұр. Бірақ­ қарсыластарымызға лайықты қарсы­лық көрсетуге уәде береміз. Өкінішке қарай, жара­қатына байланысты құрамамыз­дың ­көш­басшысы Ига Швентек бұл жарыс­қа қатыса алмайды. Жалпы, Қазақстан құра­­ма­­сының теннисшілерін өте жақсы білеміз. Елена Рыбакина биыл өте табыс­ты өнер көрсетіп жүр, шеберлігі де өсіп ке­леді. Маған оның ойы­ны ұнайды. Юлия Путинцева – күш-жігері мықты теннисші, әсіресе топырақ төсе­ніште жақсы ойнайды. Анна Данилина жұп­тық сында өткен жылы Аустралия чемпио­натының финалына дейін жеткенін жақсы біле­міз. Дегенмен бұл командалық жарыс бол­ғандықтан, бәрі де болуы мүмкін», деді Цельт.

Ал Юлия Путинцева топырақ төсеніш­тегі маусымның басталғанын айтып, құм­дауыт кортта ойнау оң жамбасына келетінін жеткізді.

«Төсенішті таңдаған кезде бізге қайсы­с­ы көбірек қолайлы, соған сүйендік. Негізі қандай төсеніш, қандай корт болса да, біз әр жарысқа тезірек бейімделуге тырысамыз. Десе де бізге құмдауыт кортта ойнау ыңғайлы және оң жамбасымызға келеді деп те айтсам болатын шығар. Былтыр дәл осындай кортта Германия теннисшілерін тізе бүктіріп, алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама жеңіп алған болатынбыз. Биыл да сол жетістігімізді қайталағымыз келеді. Ертең жеңіс үшін және жанкүйерлерді қуанту үшін бар күш-жігерімізді саламыз», деді Путинцева.

«Ел намысын қорғау үлкен жауапкерші­лік жүктейді. Алдын ала жеңеміз деп бол­жам жасау мүмкін емес. Қарсылас команда­ның құрамы қандай болатынына қарамас­тан, тас-түйін дайындалып жатырмыз. Екі ­жыл қатарынан елордада өнер көрсететіні­міз­ге қуаныштымыз және өткен жылғы нәти­жені қайталағымыз келеді. Қыздардың кө­ңіл күйі көтеріңкі, кортқа үйреніп, ойын­дарға дайын­далып жатыр. Ең алдымен, тәжіри­белі теннисшілерімізге сенім артамыз. Егер үш бәсекенің қорытындысы бойынша мәселе ерте шешіліп жатса, онда жас теннисшілердің бабына қараймыз», деді Шведова.