Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде Жұбанов көшесін батыс бағытта ұзарту жұмыстары қай кезеңде екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мегаполис басшысының айтуынша, Жұбанов көшесі Момышұлы көшесінен қала шегіне дейін ұзартылады. Досаев бұл жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң қорытынды алғанын атап өтті.
«307 жер телімін алу белгіленді. Оның 50-ін биыл сатып аламыз», деді әкім.
Сондай-ақ ол бүгінде жол құрылысына жауапты мердігерді анықтау үшін байқау жүріп жатқанын айтты. «Бұл жобаны жүзеге асыру Әуезов ауданының дамуына, көлік жүктемесін азайтуға және қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыруға ықпал етеді», деп қосты Е. Досаев.