Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді шын жүректен сүйікті елордамыздың туған күні – Астана күнімен құттықтайды!
Елордамыздың туған күні – әрбіріміз үшін ерекше ыстық жалпыхалықтық мереке. Астана Қазақстан халқының рухани өрлеуінің тірегіне, бірлігі мен ынтымағының белгісіне, еліміздің жасампаз жеңістерінің көрінісіне және қазақстандық арманның іске асуының айқын дәлеліне айналды.
Астана – азаттық пен тәуелсіздіктің бейнесі, елдің, халықтың, қоғамның жаңа тарихының бастауы. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи және тағдырлы шешімі, айрықша саяси еркі Еуразия кіндігінде қарасаң көз тоймайтын, қайталанбас келбетті, ғажайып қаланың салынуына негіз болды.
Бүгінде Астанамыз – әлемдегі ең сұлу әрі жас бас қаланың бірі. Қонақжай қала көптеген елдерден ағылған саяхатшыларды өзіне тартуда, аз уақыт ішінде ірі халықаралық шаралар мен маңызды оқиғалардың орталығына айналды. ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесін өткізу орны ретінде Астана қаласының таңдалуы біздің елордамыздың әлемдік қоғамдастық тарапынан мойындалғанын айғақтайды.
Астананың сәулет өрнектерінде және бейбітшіліксүйгіш рухында Шығыс пен Батыстың ғасырлар бойғы дәстүрлері өрілген, Қазақстан халқының барша мәдени және рухани байлығы үйлесім тапқан.
Сондықтан да, Мемлекет басшысы жариялаған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2015 жылы елордада «Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы» деген атаумен өтпек.
Қадірлі азаматтар!
Баршаңызды осы жарқын мерекемен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Астанамыз гүлденіп, өркендеп өсе берсін.
Елордамыз халқымыздың тұтастығының, ынтымағының, ырысының, берекелі тірлігінің, еліміздегі бейбітшілік мен келісімнің, мәдениетаралық үнқатысу мен толеранттылықтың белгісі болып қала берсін!
Мереке құтты болсын, қадірлі қазақстандықтар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы.